Меню KDT
ru kz en

введите текст

block1_eop.jpg

введите текст

ЦЕНТР МЕТОДИЧЕСКОЙ РАБОТЫ И ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ
 

Адрес школы

Адрес школы

введите текст

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Қызылордада «Мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ортасының трансформациясы» тақырыбында екі күнге созылған республикалық форум өтті. Шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, Кембридж университетінің Білім беру факультетінің аға лекторы Элейн Уилсон, және Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Қазақстанның бірнеше өңірлерінен білім беру саласының үздіктері қатысты. Жиында білім берудің озық әдістерін қолдану, осы саланың дамуы мен өзекті мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Сапалы білім – өңірдің табысты дамуының кепілі» тақырыбында баяндама жасап, Сыр өңіріндегі білім саласының жетістіктеріне тоқталды. «Осыдан бірер күн бұрын ғана өткен "Нұр Отан” партиясының XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін бір ғана Қызылорда облысынан көруге болатынын айтты. Мемлекет басшысы аймақтағы инфрақұрылымның дамуын, салынып жатқан білім мен мәдениет ошақтарын, медицинаның қарқынды ілгерілеуін атады. Мұндай сөз Қызылордалықтардың қызметіне берілген жоғары баға деп түсіну керек. Бұл – зор абырой әрі үлкен жауапкершілік», - деді облыс әкімі. Айта кету керек, аймақта соңғы екі жылда үш ауысымда білім беретін мектептер проблемасы түбегейлі шешімін тапты. Апатты жағдайдағы 34 мектептің саны 20-ға қысқартылды. Биыл тағы 8 апатты деп танылған білім ошағының орнына жаңа ғимараттар салынып бітеді. Және "Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында тағы екі білім ұясы мен бір балабақшаның құрылысы басталады деп күтілуде. Өткен жылы облыстың білім беру саласына 66 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 32 пайызы. Ұстаз – келер күннің ұстасы демекші, оқытушылардың білігін арттыру да басты назарда. 2014 жылы 1102 мұғалім мен 82 мектеп директоры «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» деңгейлі бағдарламасы бойынша біліктілік көтерді. Осы курстан өткен ұстаздардың жалақысы 30-дан 100 пайызға дейін өскен.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь