«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен,Еуразиялық Медиа Форуммен және «КТК» телеарнасымен бірлесе, мектеп оқушылары арасында ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесіне арналған эссе жазудан республикалық байқау өткізеді.
Бұл туралы «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі хабарлады. Байқау 5-8 сынып (1 топ) және 9-11 сынып (2 топ) оқушылары арасында ұйымдастырылып отыр.
Әрбір облыстан, сондай-ақ әр топтан үш үздік жұмыстар анықталады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады. Ал республика бойынша үздік деп танылған жұмыстардың авторлары ҚР Білім және ғылым министрінің мақтау қағазымен марапатталады. Байқау қорытындысы сәуірде анықталмақ.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау