Меню KDT
kz ru en

введите текст

block1_eop.jpg?_=1548934252

введите текст

ЦЕНТР МЕТОДИЧЕСКОЙ РАБОТЫ И ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ
 

Адрес школы

Адрес школы

введите текст

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ


Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты облыстық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына өңіріміздің жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылары, колледж жастары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты.

Пленарлық мәжілісті Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің директоры М.Тобашов ашып берді.

Конференцияның пленарлық отырысында «Қазақ хандығының құрылуының кейбір аспектілері», «Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан пана тапқан халықтар», «ҚР Конституциясы – елдік қуатымыздың қайнары», «ҚХА тұрақтылық пен келісім негізі» тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Пленарлық мәжілістен кейін конференция жұмысы 2 секциялық отырыспен жалғасын тапты. Секциялық отырыстарда 30-ға жуық баяндамалар тыңдалды. Үздік баяндамашыларға алғыс хаттар мен дәрежелі дипломдар табысталды.

Конференция барысында қатысушылар баяндамашыларға өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь