ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТТІҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
«Мұрагер» мектебі кезекті жеңісін тойлауда. Аталған мектептің 10 сынып оқушысы Тимур Мұхамеджанов Оңтүстік Кореяда өткен конкурста ғылыми-зерттеу жобасымен жүлделі орын алып келді.
200-дей қатысушысы бар байқауда оның 4D компьютерлік бағдарламасы арқылы жасалған «Асық – қазақтың ұлттық ойыны» тақырыбындағы жобасы қазылар алқасының қызығушылығын тудырды. Тимурдың жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі М.Сманханова, ғылыми жетекшісі – К.Дәуренбеков.
Тимурға байқаудың медалімен мен сертификаты табысталып, мемлекеттік университеттің грантын жеңіп алды. Сондай-ақ, Сеульдегі Бизнес университеті грантына 30 % жеңілдік алды.